Қ. Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Қ. Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
  • 554
  • 28.01.2025, 18:50

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесі бойынша Жаңа жыл – Тет мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Вьетнамды оңтүстік-шығыс Азиядағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ерекше мән беретінін жазған.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне табыс, ал оның халқына құт-береке тіледі.