Хабар

Үкімет Президент тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді

Үкімет Президент тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Әсіресе экономикалық өсім мен азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға басымдық береді.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов өткізген кеңес отырысында айтылды. Онда Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру барысы қаралды. Министрлер мен бірқатар ұйым басшылығы инвесторлар үшін заңнамалық жағдайларды жетілдіру, сирек кездесетін металдар өндірісін дамыту, ядролық кластер құру мен өзге де бағыттар бойынша жоспарларын баяндады.

«Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, жасанды интеллектіні енгізу, білім беру және медициналық қызметтер сапасын арттыруға да көңіл бөлінеді. Геологиялық барлау жұмысы да басты назарда.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

- Қолға алынған шаралар елдің геологиялық барлау ісіне ірі халықаралық компанияларды тартты. Тек он ірі компаниядан келген инвестиция көлемі 41 млрд теңге болды. Сөйтіп 25 мың шақырымнан астам аумақты зерттеуге мүмкіндік берді.