Хабар телеарнасы

Депутат «Шетел агенті» туралы заң жобасын дайындауды ұсынды

Мәжілісте Үкімет басшысы мен оның командасына бірнеше депутаттық сауал жолданды. Халық қалаулысы Ирина Смирнова «Шетел агенті» туралы заң жобасын дайындауды ұсынды. Оның пікірінше, Қазақстан өзінің ұлттық мүддесін USAID сияқты ұйымдардың қызметінен қорғай алуы қажет. Қазақстанда 200-ге жуық үкіметтік емес ұйым шетелден қаржыландырылады. Гранттың дені бұқаралық ақпарат құралдарына бөлінеді. «Бірақ сол ақпарат құралдары кімнің мүддесін қорғап жүр?» деген сұрақ қойды. «Шетел агенті» туралы заң әлемнің бірнеше елінде бар. 

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Бұл сөз бостандығын шектеу емес. Керісінше, тырнақшаның ішіндегі «шындықты» кім қаржыландырып отыр, ол кімнің тапсырмасы соны анықтап алуымыз керек. Байқасаңыздар, біздің елге сырттан келетін сыни ақпарат арнайы тапсырма бойынша жазылады. Бұл ел тұрақтылығы мен тыныштығы үшін әсерін тигізбей қоймайды.

Сондай-ақ, депутат елдегі психиатриялық қызметке реформа жүргізу керегін алға тартты. Бұған себеп - кеше Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде болған оқыс оқиға. Бұл жағдай мәселені жүйелі түрде шешетін кез келгенін көрсетті деп отыр.