Тамара Дүйсенова ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Дүйсенова Президенттің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған еді. Тамара Дүйсенованың орнына Ермек Көшербаев тағайындалды. Ол 2023 жылдың маусым айынан бері Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған. Сонымен қатар Президенттің жарлығымен Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2022 жылдың 1 желтоқсанында тағайындалған еді.