Мемлекет басшысы Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады. Жеделхатта Литва Республикасы бүгінде Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өз мемлекеттілігін нығайтып, азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жолында едәуір жетістікке қол жеткізгені жазылған. Президент Қазақстан мен Литва арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухында өрістеп келе жатқан қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ Гитанас Науседаның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, достас Литва халқына құт-береке тіледі.