Өнеркәсіптегі қауіпсіздік: объектілерге қойылатын талаптар күшейеді
Өнеркәсіптегі қауіпсіздік талаптарын күшейту. Үкіметте осы мәселеге байланысты жиын өтті. Салаға жауапты министрлер жаңа тәсілдер және еңбек қауіпсіздігі саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Бұл тақырып әсіресе Ұлытау облысындағы шахтада орын алған апаттан соң өзекті бола түсті. Енді қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясында нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралатын болды. Мәселен, тәуекелдерді азайту үшін шахталарды алдын ала газсыздандыру әдісін әзірлеуі қажет. Сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторының мәртебесін арттыру көзделуде.