Хабар телеарнасы

Цифрлық және ғарыш салаларындағы әріптестік келешегі талқыланды

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев ұлттық ғарыш орталығына барды.

«Қазақстан Ғарыш Сапарының» мамандары жерді қашықтан зондтау және ғарыш мониторингі саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Олар агроөнеркәсіп кешенінің жай-күйін бақылап, төтенше жағдайларды алдын ала болжау мақсатында кеңінен қолданыста. Қырғыз делегациясы цифрлық үкімет кеңсесіне де барды.

Қазір бір ғана eGov электрондық үкіметінің мобильді қосымшасын пайдаланушылар саны 10 млн-ға жетіпті. Сервис арқылы азаматтарға 1 мыңға жуық қызмет түрі қолжетімді.