Президенттің атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай келіп түскен құттықтау жеделхаттары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келді.
Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн, Кувейт Мемлекетінің Әмірі Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Кувейттің Тақ мұрагері Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабах, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Марокко Королі VI Мұхаммед, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Израиль Президенті Ицхак Герцог, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, ОПЕК бас хатшысы Хайсам әл-Гаис және басқалары құттықтады.
Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.