Премьер-министр экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді

  • 252
  • 06.03.2025, 18:41

Нарық тетіктері негізінде мемлекеттің қаржы тұрақтылығы мен экономиканың өсу сапасын жақсартуға баса назар аударылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында айтты. Жиында макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігін жақсарту үшін ақша-несие және фискалдық саясат тетіктері де талқыланды. Сондай-ақ бюджет ережелерінің сақталуы, экономиканы қаржыландырудағы жеке сектордың рөлі және саладағы жүйелі тәуекелдерді төмендету бойынша ұсыныстар тыңдалды.