Мемлекет басшысы Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар

  • 448
  • 07.03.2025, 14:49

Мемлекет басшысы әуежайда болған сұмдық жағдайдан хабардар. Қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамды мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.