Президент Дариға Тілендиеваның жақындарына көңіл айтты

Президент Дариға Тілендиеваның жақындарына көңіл айтты
  • 348
  • 12.03.2025, 09:02

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.