Ұлттық құрылтайдың жұмысы елдің тарихи жадын жаңғыртуға, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және жаңа саяси мәдениет қалыптастыруды көздейді. Құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары Ұлытау, Түркістан, Атырау сияқты тарихи маңызы бар қалаларда өтіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға және шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді.
Енді міне аңыз бен ақиқаттың мекені Көкшенің күмбезіндей көтерілген Бурабайдағы құрылтайға да елдің әр өңірінен жұрт ағылып келді. Осылайша Ұлттық құрылтай Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқарып, ұлтты біріктіру және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолында қызмет етеді. Құрылтай өңірлерді басқаруда жергілікті қауымдастықтар рөлін күшейту, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етті дейді, құрылтай мүшелері.