Хабар

Қ. Тоқаев Бурабайдағы Ұлттық құрылтайға қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысына қатысады.

Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады. Бұған дейін алқалы жиын Ұлытау, Түркістан мен Атырауда өткен еді. Онда көтерілген мәселелер тек сөз күйінде қалмай, нақты әрі жүйелі шешімін тауып келеді.

Мәселен, былтыр Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген бастамалар негізінде 10 заң жобасы ұсынылып, оның 9-ы қабылданды. Атап айтсақ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін арттыруға негіз болды. Вейпқа тыйым салынып, құмаройындар қызметін бақылау жүйеленді. Мемлекеттік наградалар, ономастика, символика стандарттары да назардан тыс қалған жоқ.