Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Сенат Спикері төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті

  • 783
  • 17.03.2025, 18:32

Онда депутаттар осы аптадағы іс-шаралар жоспарын талқылады. Мәселен, 20 наурыз күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев жиында Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы айқындап берген міндеттерге тоқталып, оны іске асыру тетіктеріне назар аударды. 

Парламенттің алдында тұрған негізгі міндет – Әділетті, Қауіпсіз, Таза және Қуатты Қазақстан құруға қажетті заңнамалық база қалыптастыру.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Алқалы жиында Президентіміз елдің алдағы бағдарын айқындап берді. Жиын барысында қоғамды алаңдатып отырған мәселелер ашық талқыланып, сындарлы пікірлер айтылды. Сонымен қатар Парламент қабылдауға тиіс заңнамалық өзегерістердің бағыттары айқындалды.