29 наурыз күні Алматыда Қ. Тоқаев пен Ш. Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

  • 418
  • 28.03.2025, 15:23

 Мемлекеттер басшылары келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралап, жасанды интеллектіге арналған көрмені тамашалайды.