Президент Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне қатысты тапсырма берді

  • 405
  • 28.03.2025, 18:50

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады.

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды. 

Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды.