Елімізде радиоактив қалдықтарды игеру жөніндегі жаңа заң жобасы әзірленеді.
Алматыда Мәжіліс депутаттары ядролық институт ғалымдарымен кездесіп, жаңа құжаттың тұжырымдамасын талқылады. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов: Жаңа заңнамалық нормалар елде АЭС салу және атом саласын дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды көздейді»,-деді.
Бұл ретте МАГАТЭ-нің халықаралық талаптары ескерілетін болады. Сондай-ақ кездесуде АЭС үшін кадр даярлау, ядролық қалдықтарды қайта өңдеу, ядролық индустрия өнімдеріне жаңа стандарттар енгізу бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.
Сергей Пономарёв, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Ядролық қауіпсіздік саласындағы маңызды заң жобасын қолға алғалы жатырмыз. Ол барлық тараптың мүддесін қамтуы, әрі ең бастысы МАГАТЭ-нің барлық талабына сай келуі тіис. Сол үшін біз мұнда жағдайды өз көзімізбен көріп, мамандардың пікірін білу үшін келдік. Келешекте салынатын 3 АЭС осы Алматыдағы Ядролық физика институтының тәжірибесі негізінде жұмыс істейтін болады.