Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Дмитрий Григоренкомен кездесу өткізді. Былтыр екі ел арасындағы өзара тауар айналымы 3% өсіп, 27,8 миллиард долларға жетті. Бұл ретте сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеует бар. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар жасанды интеллектті қолданушылардың қарқынды өсіп келе жатқанын атап өтіп, цифрландыру саласындағы екіжақты әріптестік қатынастардың маңыздылығына тоқталды. Жұмыс сапары аясында Дмитрий Григоренко Қазақстанның жетекші IT алаңдарының, соның ішінде Astana Hub технопаркі және NU технопаркінің қызметімен танысады. Еске сала кетейік, елімізде 1600-ден астам IT-компания тіркелген, оның 425-іне шетелдіктер қатысуда.