Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сарапшылармен бірге ішкі саясат мәселелері жөнінде жиын өткізді. Жиында Мемлекет басшысының биылғы Ұлттық Құрылтайда көтерген бастамаларын жүзеге асырудың жолдары мен тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар ішкі саясат саласына қатысты біртұтас кешенді құжатты даярлау үрдісіне баса назар аударылды. Айта кетейік, құжаттың негізгі жобасын Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты даярлаған. Бұған қоса осы жұмысқа Ұлттық құрылтайдың мүшелері де қатысты. Пікір алмасу барысында Мемлекеттік кеңесші бұл ішкі саясат саласына қатысты кешенді құжатты дайындау және қабылдау, мемлекеттік органдар қызметін жүйеге келтіру жолындағы ауқымды үдерістің бір бөлігі екенін атап өтті. Ал сарапшылар құжат жобасын жетілдіруге және толықтыруға қатысты ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да ұйымдастырылмақ.