Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 23 сәуір — Ұлттық кітап күнімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір — Ұлттық кітап күні болып белгіленді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл — білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады.