Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
  • 107
  • 05.05.2025, 18:18

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін наградталды:

I дәрежелі «Барыс» орденімен

Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы;

I дәрежелі «Даңқ» орденімен

Қожаев Марат Шәдетханұлы – Парламент Сенатының депутаты;

II дәрежелі «Даңқ» орденімен

Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары

Балтабеков Аңсаған Ескендірұлы – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы

Жүсіпов Сәкен Сауытбайұлы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары

Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы – Бас Прокурордың орынбасары;

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен

Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы

Құсайынов Олжас Сағындықұлы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің департамент бастығы

Цой Олег Владимирович – Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы;

Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен

Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

Ақылов Еркін Бекетұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы

Әмірхан Талғат Әмірханұлы – Қорғаныс министрлігі Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының бастығы

Балғалиев Сабырғали Базарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары

Молдабаев Қайрат Бекзатұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері «Айбын» президенттік полкі басқарма бастығының орынбасары

Мұстафин Айбек Мамытбекұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі

Финансов Максим Николаевич – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы

Шабер Виталий Николаевич –  Бас прокуратураның департамент бастығы;

«Құрмет» орденімен

Камалов Алпамыс Әмірғалиұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры

Кәріпова Айнагүл Төкенқызы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) қызмет басшысының орынбасары;

«Ерлігі үшін» медалімен

Есқалиев Ержан Кеңесұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 1  мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі

Жұманбек Зарина Қайратқызы – Ішкі істер министрлігі Басқару академиясының аға ғылыми қызметкері 

Қазыханов Дамир Дүйсенбайұлы – Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің взвод командирі

Тащанов Әсет Қамажанұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен

Алхамов Абылайхан Ерталапұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аға жедел уәкілі

Бақыт Шыңғыс Жақсылықұлы – Қорғаныс министрлігі 25744 әскери бөлімінің танк командирі

Кангозина Ольга Сергеевна – Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел уәкілі

Мейірбаев Руслан Серікұлы – Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің фельдшері

Омарғалиев Дәурен Батырғалиұлы – Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары

Тоқанов Бекзат Шәмшіденұлы – Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің күзеті қызметінің бөлім бастығы

Төлеңгітов Мирлан Айтқазыұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығының орынбасары;

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін

Байқадамова Алуа Бақытжанқызы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығы орынбасарының – «Әскери даңқ» музейі бастығының лауазымын уақытша атқарушы.