Қ. Тоқаев Мәскеудегі әскери парадқа қатысты

  • 58
  • 09.05.2025, 16:10

Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы

Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды, сондай-ақ Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Парадқа Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының сарбаздары қатысып, сап түзеп өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге мінберден парадты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Сербия Президенті Александр Вучич, Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо, Босния және Герцеговина Төралқасының Төрағасы Желька Цвиянович, Вьетнам Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы То Лам, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула Да Силва, Венесуэла Президенті Николас Мадуро, Куба Президенті Мигель Диас-Канель, Мьянма Мемлекеттік басқару кеңесінің басшысы, Премьер-министрі Мин Аун Хлайн, Буркина-Фасо Президенті Ибрагим Траоре, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало, Зимбабве Президенті Эммерсон Дамбудзо Мнангагва, Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо, Экваторлық Гвинея Президенті Теодоро Обианг Нгема Мбасого, Эфиопия Президенті Тайе Ацке-Селассие, Палестина Президенті Махмуд Аббас, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері тамашалады.