Парламент Сенатында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Қуаныш Сұлтановтың 80 жасқа толуына орай салтанатты іс-шара өтті.
Мемлекет басшысының құттықтау хатын Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді. Онда Қуаныш Сұлтановтың білікті дипломат, іскер азамат ретіндегі үлесі атап өтілді. Сенатор өз сөзінде, оның еңбек жолы егемен еліміздің тарихымен тікелей және тығыз байланысты, - дейді. Тіпті, ол парламентаризмнің қалыптасуына ерекше ықпал еткен тұлға.
Айта кетейік, Қуаныш Сұлтанов 20 жылға жуық уақыт қос Палатаның депутаты болып, маңызды істерге ұйытқы болған тұлға.