Е. Қошанов Армения Ұлттық жиналысының төрағасымен келіссөздер жүргізді

  • 74
  • 14.05.2025, 18:36

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Армения Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянмен кездесті.

Парламент спикерлері жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді заңнамалық тұрғыдан рәсімдеу және жаңа жобаларды қолдау мәселелерін талқылады. Ерлан Қошанов әріптесіне елімізде жүргізіліп жатқан реформалар жайында ақпарт берді. Әңгіме барысында тараптар бейінді комитеттер арқылы тәжірибе алмасуға келісті. Сондай-ақ экономика, логистика, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері де талқыланды.