Мәулен Әшімбаев Армения Ұлттық жиналысының төрағасымен кездесті

  • 48
  • 15.05.2025, 18:49

Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянмен кездесті. Армения – Қазақстанның сенімді және жақын серіктестерінің бірі. Елдер арасында экономикалық өзара іс-қимыл нығайып келеді. Мәдени-гуманитарлық байланыстар да жақсы жолға қойылған. Тараптар екіжақты ынтымақтастық және парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқыланды. Кездесу барысында көлік және логистика, энергетика, IT сияқты салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты ұсыныстар айтылды.