Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Сарапшылар клубының Qalam медиажобасымен бірлескен отырысы өтті. Іс-шараға белгілі сингапурлық дипломат, профессор Кишор Махбубани қатысты. Кездесу барысында сарапшылар мемлекеттердің болашағы мен жалпы халықаралық тәртіптің алдағы даму бағдарын талқылады.
Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, орта державалардың халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі артып келеді. Олар жаһандық бейбітшілік, орнықты даму және қауіпсіздік жолында маңызды ықпалға ие.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Қазіргі таңда Азия әлемдік экономика мен саясаттағы негізгі күштердің біріне айналып келеді. Орта державалардың тұрақтылық, теңгерім және прагматизмді ілгерілетуші ретіндегі ықпалы да артып отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев орта державалардың рөлін одан әрі арттырудың маңызына назар аударып, бұл қазіргі таңдағы нақты қажеттілік екенін атап өтті.
Кишор Махбубани, дипломат, Сингапур:
- Қазақстанда экономикалық өсу байқалады. Бұл жақсы мүмкіндіктерге жол ашады. Одан бөлек, бұл елдің бай тарихы мен мәдениеті бар. Жалпы әлемге сіздер бөлісе алатын жақсы дүниелер көп.