Бектенов EKAZENT Management компаниясының басшылығымен кездесті

  • 290
  • 29.05.2025, 18:35

Премьер-министрі Олжас Бектенов аустриялық жылжымайтын мүлік нарығындағы көшбасшыларының бірі EKAZENT Management компаниясының басшылығымен кездесті. Тараптар Қазақстанның сауда және туристік әлеуетін дамыту жайын талқылады. Атап айтқанда, Алматы облысында аутлет орталығын салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру перспективалары талқыланды. Олардың айтуынша, бұл орталықтың құрылысы инвестиция тартуға және тауар айналымын арттыруға тың серпін береді.