Премьер-министр Олжас Бектенов East Hope Group корпорациясының басшысы Лю Юнсинмен кездесті. Тараптар түсті металдар өндірісі бойынша жобаны іске асыру перспективаларын талқылады. Бірінші кезеңде тау-кен байыту комбинатын және қуаттылығы жылына 1 млн тонна алюминий өндіретін электролиз зауытын салу көзделген. Болжам бойынша осы арқылы 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға болады. Айта кетейік, East Hope Group алюминий өнеркәсібі саласындағы әлемдік көшбасшылардың ондығына кіреді. Кездесу қорытындысы бойынша жауапты министрліктерге жобаны іске асыруда қажетті қолдау көрсету тапсырылды.