Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның Израильдегі Елшілігі мәлімдеме жасап, осы ел аумағындағы отандастарымызды сақтыққа шақырды.
Мамандар Тыл қолбасшылығының нұсқаулығын орындау, сақтық пен қырағылық танытып, Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды.
Сонымен қатар Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефондары іске қосылды. Қажет болса, экранда көрсетілген номерлерге хабарласыңыздар. Сондай-ақ Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстандық әуекомпаниялар кейбір тұрақты және чартерлік рейстердің бағытын өзгертті. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағыттары Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып ұшады. Сондықтан осы бағытта ұшуды жоспарласаңыз соңғы ақпараттармен танысып алыңыздар.