«Орталық Азия – Қытай: Энергетика» форумы: маңызды келісімдер жасалды

  • 55
  • 16.06.2025, 18:33

Екі күнге созылатын «Орталық Азия энергетикасы Қытай» алғашқы өңірлік форумында үкіметтік және іскерлік топ өкілдері қуат көзі, өнеркәсіп пен жоғары технологиялар саласындағы тың бастамаларды талқылайды. Пленарлық сессия кезінде Қазақстан мен Қытай өкілдері стратегиялық келісім арқылы жүзеге асырылатын жобаларды таныстырды. Келісімге сәйкес, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, Ақтөбе облысында карбамид өндіру, газды барлау және өндіру саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, жаңартылатын энергия көздері саласында ауқымды жобаларды іске асыру көзделген. Тараптар маңызды сегіз құжатқа қол қойды. 

Жаслан Қасенов, ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры:

-Қалай болғанда да еліміздегі энергия бірнеше қуат көзінен алынады. Оның ішінде «жасыл» энергия, жаңартылатын қуат көзі және бұған дейін жарияланған атом энергиясынан да болады. Форум аясында бірнеше маңызды келісімді қарап, қол қою жоспарланған. Оның ішінде елдің оңтүстігінде күн көзінен энергия алу, ал солтүстікте жел қуатын пайдалануды іске асыру жобалары да бар.