«Орталық Азия – Қытай» саммитіне барлық тарап толық жиналды.
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың борты елорда әуежайына қонды. Үкіметтің мәліметінше, осы жылдың 4 айында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналым 25% өсіп, 435 млн долларға жеткен.
Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов те Қазақстанға келді. Биыл Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 555 млн доллардан асыпты. Саммитке Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон да қатысады. Былтыр Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4 млрд доллардан асса, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы алыс-беріс 6% өсіп, 394 млн долларға жеткен.