Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық Циндао Ваньлинь Фуд Co., Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Яньтаомен кездесу өткізді.
Онда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесу барысында Циндао Ваньлинь Фуд компаниясының Түркістан облысында индустриалды парк салу жөніндегі жоспарлары қаралды.