Бұл жоспарды Премьер-министр Олжас Бектенов Proton Holdings басшысы Чунронг Лимен талқылады. Үкімет басшысы заманауи технологияларды енгізу арқылы өндірістерді локализациялау және жаңа жұмыс орындарын ашу, машина жасау саласын дамыту міндетін атап өтті. Осы жылдың бірінші тоқсанында салаға 55 млрд теңге инвестиция тартылған. Былтыр инвестиция көлемі 2 есе өсіп, 282 млрд теңгеге жетті. Кездесу соңында тараптар жобаны жүзеге асыру үшін өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді. Ал Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті Жол картасын әзірлеу тапсырылды.
Чунронг Ли, «Proton holdings berhad» компаниясының бас директоры:
- Еліміздің Қазақстанмен қарым-қатынасы өте жақсы дамып келеді. Компания жаңа нарыққа шығу мәселесін тереңірек зерттеу үшін осында келуі керек деп есептеймін. Сондай-ақ маркетингтік зерттеулер жүргізу және Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту үшін жергілікті әріптестермен өзара іс-қимыл орнатқымыз келеді.