Рио-де-Жанейро қаласында БРИКС саммиті өтіп жатыр. Осы басқосуға қатысуға келген Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бразилия Сыртқы істер министрі Мауро Виейрамен және елдің жетекші өнеркәсіптік бірлестіктері мен ірі корпорацияларының басшылығымен кездесу өткізді. БРИКС тобын 2009-жылы Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай құрған болатын. Кейін одаққа Оңтүстік Африка республикасы қосылды. Ал былтыр ұйымға Египет, Эфиопия, Индонезия, Иран, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб әмірліктері кірді. БРИКС дамушы елдердің мүдделерін қорғайтын ұйым ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Халықаралық валюта қоры секілді жаһандық мекемелерді реформалауға шақырып отыр.