Туризмдегі түйткілдер: Үкімет жедел шараларға көшті

  • 173
  • 10.07.2025, 18:29

Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдері мен құзырлы министрлерге туризм саласындағы түйткілдерді шешуді тапсырды.

Мемлекет басшысы берген ескертулерді жедел жою жұмыстарын үйлестіру мақсатында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев өңірлерге жіберілді. Оның қорытындысы бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс берілмек. Жиын барысында Алматы тау кластерін дамыту мәселелері де қаралды. Бұл жоба аса маңызды инвестициялық бастамалар тізіміне кіреді. Бастапқы кезеңде инфрақұрылымдық жұмыстар жоспарланған.