Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторымен кездесті

  • 1048
  • 16.07.2025, 18:30

Қазақстанда 60-тан астам жапондық компания жұмыс істеп жатыр. 

Премьер-министр Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен кездесті. Онда арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық, гуманитарлық бастамалар мен жаһандық қауіпсіздікті нығайту жолында бірлесе күш жұмылдыру жайы талқыланды. Қазақстан Жапониямен әріптестікті дамытуға үлкен мән береді. Бұл бағытта ел Үкіметі Президент белгілеген міндеттерді жүйелі жүзеге асырып келеді.

Кездесу барысында Хирошима префектурасы мен Абай облысы арасындағы байланысты одан әрі нығайту мәселелері де қаралды.