Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына көңіл айтты
  • 28
  • 20.07.2025, 19:25

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда болған «Вифа» тайфуны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ достас Вьетнам халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін, – делінген жеделхатта.