Олжас Бектенов Ресей Үкіметінің төрағасымен кездесті

  • 111
  • 24.07.2025, 18:48

Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Былтыр өзара сауда көлемі $27,8 млрдқа жетіп, 2025 жылғы қаңтар-мамырда $9,6 млрд болды. Олжас Бектенов Мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша өзара сауда көлемін $30 млрдқа дейін ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүріп жатқанын жеткізді. Екі мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдету аясында осы жылдың күзінде Орал қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының дайындық барысына ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық басым бағыттар бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін жеткізді.