Премьер-министр Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты

  • 12
  • 15.08.2025, 18:31

Премьер-министр Олжас Бектенов Шолпан-Ата қаласында өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Онда биыл 31 қаңтарда Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Кедендік және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру саласындағы интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруға, қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып ақпарат алмасуды жетілдіре түсуге назар аударылды.