Мемлекет басшысы Индонезия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Индонезия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
  • 8
  • 17.08.2025, 10:10

Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субиантоны Индонезия Республикасы тәуелсіздігінің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

– Мен Астана және Джакарта арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген сенімді ынтымақтастықты жоғары бағалаймын. Осы орайда, өзіңізбен бірлесіп, екі елдің достық қарым-қатынасын одан әрі дамыта түсуге бар күш-жігерімді жұмылдыруға дайын екенімді мәлімдеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субиантоның сындарлы саясаты мен көшбасшылық қасиеттерінің арқасында Индонезия Республикасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді.