Қазақстан мен Өзбекстанның парламентаралық ынтымақтастығы нығаяды

  • 10
  • 18.08.2025, 18:39

Қазақстан мен Өзбекстан парламентаралық ынтымақтастығы беки түседі. Ол үшін екі елдің заң шығарушы палаталары – Сенат пен Олий Мәжіліс арасында 2025-2026 жылдарға арналған жол картасына қол қойылды. Рәсімге Сенат спикері Мәулен Әшімбаев пен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева қатысты.

Мәртебелі мейман елімізге ресми сапармен келген. Мәулен Әшімбаев бүгін қабылданған құжат екі елдің заң шығару қызметінде тәжірибе алмасу, сондай-ақ тиісті комитеттер арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар тараптар су‑энергетика, көлік‑логистика және экология саласындағы жобаларды, ауыл шаруашылығы, машина жасау, білім беру, цифрландыру және өзге де бағыттарда ортақ бастамаларды қолдаудың маңыздылығына назар аударды

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Біздің елдеріміз арасында барлық деңгейде тығыз саяси қарым-қатынас жолға қойылған. Экономикалық өзара іс-қимыл белсенді дамып, мәдени-гуманитарлық байланыстар да нығайып келеді. Бұл ең алдымен, Мемлекет басшылары – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Шавкат Мирамонович Мирзиеевтің берік достығының, құрмет пен сенімге негізделген қарым-қатынасының және олардың ерік-жігері мен бірлескен жұмысының нәтижесі. Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер мен Мемлекет басшыларының өзара сапарлары барысында маңызды келісімдерге қол жеткізілді.