Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты өткізген сауалнама қорытындысы осыны көрсеткен. 11 шілде мен 12 тамыз аралығында өткен сауалнамаға 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 8 мың адам қатысыпты. 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар Президент институтына жоғары сенім білірген. Жастардың 90% астамы қолдау көрсетіпті. Одан кейінгі орында 30-45 жастағылар 82,4%. 46-60 жастағылар 78% жоғары. Ал 61 жастан асқандардың 77,8% сенім білдірген. Ауыл тұрғындарының сенімі 85% жуық болса, қала халқының 80% астамы қолдайтындықтарын айтыпты. Мамандықтары бойынша Президентке ең көп қолдау білдіргендер білім беру саласының қызметкерлері 89,6%. Денсаулық сақтау мамандары 84%, мемлекеттік қызметшілер 87% жоғары. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері 96,9% болса, ауыл шаруашылық, ғылым, мәдениет пен өнер саласы мамандары 86% шамасында қолдайтындықтарын айтыпты.