Қазақстан мен Армения арасында визасыз режим болады

  • 12
  • 03.09.2025, 19:35

Мәжіліс екі ел азаматының сапары мен елде болу тәртібін реттейтін келісімді ратификациялады. Оған сәйкес, қазақстандықтар енді Арменияға жеке куәлігімен бара алады. Бұрын мұндай ереже тек Ресей мен Қырғызстанға бару үшін қолданылатын. Ал Армения азаматтары Қазақстанға сәйкестендіру картасымен кіруге құқылы. Жалпы жыл басынан бері елге 12 мың Армения азаматы келген. Бүгінгі келісім аясында елдер арасында ақпарат алмасу да көзделген.

Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Бұл мәліметтер елдерге қосазаматтыққа қарсы күрес, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу үшін қажет. Құзіретті органдар болып Қазақстан тарапынан Ішкі істер және Еңбек министрлігі, Армения тарапынан Ішкі істер министрлігі.

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды

Мәжіліс сондай-ақ бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды. Оның ішінде 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет, қалалар, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы құжаттар бар. Тиісті комитеттер Цифрлық кодекс жобасы мен ілеспе түзетулерді, оған қоса бірқатар халықаралық шартты ратификациялау туралы заң жобаларын да жұмысқа қабылдады. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға енгізілетін түзетулер де талқыланды.