Қ. Тоқаев: Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек

  • 34
  • 08.09.2025, 14:30

«Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек. Оларға лайықты жалақы төлеу қажет. Бұл мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі» деп атап өтті Президент халыққа арнаған Жолдауында. «Келешекте энергетика саласында білікті маман тапшылығы болуы мүмкін»,– деп сарапшылар дабыл қағып отыр. Мәселен, 50 жылдық тарихы бар Алматы энергетика және байланыс университеті осы уақытқа дейін 40 мыңнан аса түлек шығарған. Алайда олардың басым бөлігі өз саласында 2-3 жыл ғана жұмыс істеп, кейін басқа бағыттарға кетіп жатыр. Осыған байланысты кәсіби білім беру жүйесін жаңғыртып, еңбек нарығын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 2025-2027 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі Жол картасы қабылданды. Іс-шаралар жоспары 7 бағытты қамтитын 70 тармақтан тұрады. Жаңа мамандықтар Атласын жасау, жұмысшы кадрлардың құқықтарын қорғау, техникалық білімді жетілдіру және жұмысшы мамандықтарының имиджін көтеру шаралары көзделген. Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елде еңбекке қабілетті халық саны 9,6 млн-ды құраса, оның 2,3 миллионы жұмысшы маман. 

Аман Дауылбаев, Қазақстанның құрметті құрылысшысы:

-Құрылысшы болу қиын. Өзінің қиындықтары да, жақсы жақтары да бар. Салған үйіңді ертең «Мен салдым» деп әңгіме айтуыңа, қуануға, айтуға тұрарлық сөздер айтуға болады. Құрылыстың қиындықтары да бар. Өйткені қыста да, басқа уақытта да кранмен жұмыс істеу.