Бұл туралы партия төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен кеңейтілген отырыста айтылды. Жиынға депутаттар, қоғам қайраткерлері, Орталық аппарат қызметкерлері мен «Жастар Рухының» белсенділері қатысты. Жиналғандар Президент реформасының негізгі бағыттарын талқылады. Әрі партия алдағы уақытта цифрландыруды дамытуға, ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға, қаржылық сауаттылық пен туризмді өркендетуге күш салатынын жеткізді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы:
- Жолдау мазмұны жағынан өте ауқымды болды. Жаһандық бастамалардан бастап, күнделікті өмірге дейінгі қатысты барлық мәселелер қамтылды. Ең алдымен, біз саяси тұрақтылықтың тірегі, әрі рефеормалардың қозғаушы күші ретінде Президент айқындаған стратегияны жете түсінуіміз керек. Біздің міндетіміз – сол стратегияны іске асыру. Президент бастамаларын қолдау – біздің басты таңдауымыз. Біздің ұзақ мерзімді миссиямыз да, ұстанымы да осы мүддемен бүгінгі күні ұштасып жатыр