Қазақстанда жүргізуші куәлігі жаңартылады

  • 15
  • 11.09.2025, 19:43

Қазақстанда жүргізуші және көлікті тіркеу куәліктеріне өзгеріс енгізіледі. Ішкі істер министрлігі бұл құжаттардан чипті алып тастауды ұсынды. Себебі барлық ақпарат мемлекеттік жүйеде сақталады. Құжаттар әлі де пластик негізінде болады. Қолдағы чипті нұсқалар мерзіміне дейін жарамды, оларды ауыстыру міндетті емес. Бұл жаңарту құжат шығарудың шығынын азайтып, бюджет үнемдеуге мүмкіндік береді. Жоба қазір келісілуде. Ресми жарияланған соң жаңа үлгілер беріледі.