Президент боксшыларды құттықтады

  • 12
  • 15.09.2025, 19:31

Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын! Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазып, бокстан Әлем чемпионатында топ жарған спортшылырымызды құттықтады. Онда Ливерпульде ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды делінген. Сондай-ақ алда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет делінген.