Президент Біріккен Ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді. Сапар аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. «Сондай-ақ әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр»,– деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.