Ерлан Қарин ішкі саясат мәселелері жөнінде кеңес өткізді

  • 8
  • 22.09.2025, 19:33

Жиынға Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігі және өңірлік басқармалардың өкілдері қатысты. Басқосуда Президент бастамаларын жүзеге асыру, этносаралық келісімді нығайту, ақпарат және жастар саясаты мәселелері қаралды. Ерлан Қарин Жолдаудың басты идеясы цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні дамыту екенін атап өтті. Сондай-ақ қоғамдық этиканы қалыптастыру, заң мен тәртіп қағидатын орнықтырудың маңыздылығына тоқталды. Кеңес қорытындысында мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.