Мемлекет басшысы Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті

Мемлекет басшысы Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті
  • 10
  • 24.09.2025, 09:04

Мемлекет басшысы Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Бельгиямен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Қазақстанның ең ірі он инвесторының қатарына кіретініне назар аударды. Былтыр екіжақты тауар айналымы жарты миллиард долларға жуықтады.

Әңгімелесу барысында экономикалық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға зор әлеует бар екені атап өтілді. Әсіресе, аса маңызды минералдарды игеру, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, жасанды интеллект, қаржы, туризм және білім беру салаларындағы серіктестікке мүмкіндік мол.

Барт де Вевер екіжақты күн тәртібін талқылауға уақыт тапқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Король Филипптің ізгі тілегін жеткізді.